Сайтан - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жаны неткен, құдай-ау,

сірі “халық”,

Ауған асып,

Памирде жүріп арып, –

Сайтан шықты көшеге,

Сақалы – ұзын,

Шалбарының балағын түріп алып!

 

Жүрген жері – өрт; қарасаң – қопарылар,

Таудың өзін лезде жота қылар?

Бір қатынның он шақты

байы болса,

Бір еркектің жүз шақты

тоқалы бар!

 

Күндіз-түні ашылып жатады – ауы.

Алланы да – Алла деп атамауы –

Қалай?!

Бұлар Абайдан әулие ме?!

... Қазақ неге бұлардың ата жауы?!.

 

Кері тартпа шетінен, кердең келед,

Ғаламатты қазақсыз

жерден көред;

Елден бөлек – бұлардың есіл-дерті.

Намазда да тұрады –

Елден бөлек!

 

Жымың қағып, жұғысып

бай-төреге,

“Джиппен” сайран салады Майтөбеде.

... Ақтөбеде көшеге шықты бүгін...

... Жатыр екен қалғаны

қай төбеде...

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 445
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px