Сапарғали ЛӘМБЕКОВ - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сапарғали ЛӘМБЕКОВ

Ғасырдың керуенді көші – есінде,

Елінің қайтара алмай есесін де, –

Бір жампоз жүруші еді, ақ маңдайы

Жарқырап Қарқаралы көшесінде.

 

Болса да Қарқаралыда дара тұлғам,

Құстай-ды қайырылған қанатынан;

Құлағы естімейді бір дыбысты,

Көз алды – бұлдыр дүние, қара тұман.

 

Аң-таң ғап оған ылғи қарады көк,

Жан-жаққа өсек-аяң тарады кеп:

“Жазады осы кісі қалай? Біздің

Өмірден жоқ қой, мүлде, хабары?!” – деп.

 

Ай мен жыл өтіп жатты, арша гүлдеп,

Айтқан жоқ шалдықтым деп, шаршадым деп.

Шешесі құлыным деп егілсе оған,

Шерағам* еркелетті  “Корчагин!” – деп.

 

Кеудесін төсеп оққа, отқа барған,

Заманның зіл, бораны соққан алдан, –

Қазақтың көкейдегі күллі шері

Сапкеңнің миындағы кодта қалған!

 

Ол барда қандай тексіз құтыра алар,

Ол жүрсе құл мен күңнің құтын алар;

...Сол кодты қайта ашып бір көрер ме еді,

Қаншама біз білмейтін құпия бар...

 

*Шерхан Мұртаза

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 414
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px