Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Сейілдің гитарасы
(ХХІ ғасыр)
Бұл Сейіл –
Тірі қалған Оғызыңдай!
Гитара –
Қорқытыңның
        Қобызындай!
Арқаға Еуропаң көшіп келді,
Қазақтың үйірмен үш  тоғызындай!

Алашты адамзаттан биіктетіп,
Жеріне жеті нота сыйып кетіп;
Гитараң Қобыздайын
           боздап кетті,
Сейілдің саусақтары
              тиіп кетіп!

Көңілді ел бақсыға еріп
        көтерген-ді;
Қаншама жақсыма еріп,
        бөтен келді:
Моцарттың «Түрік маршын»  домбыраға,
Салып бір Мағауия көкем келді!

Алаштың жүрген жері –  адамшылық,
Алдымнан жебейді ылғи
        Далам шығып;
Жаһанға Мен сіңбеспін
             бұлар барда,
Жаһаның кетер қайта
                                     Маған сіңіп!

Кеткен жоқ бойдан – қуат,
Ойдан – аңыз,
Көрінер бекзат тұлғам
        тойда – нағыз;
Сайтанмен ойнасаң да,
Жаһандану,
Қазақтың Жүрегімен ойнамаңыз!

Керуенге ілеспей сан
        жолда қалдым,
Көшімді, сонсоң, әзер
        оңдап алдым,
Қазақтың жүрегімен
               ойнап-ойнап,
Ойыны осылды ғой оңбағанның.

Бұл Сейіл –
Тірі қалған Оғызыңдай!
Гитара –
Қорқытыңның Қобызындай!
Арқаға Еуропаң көшіп келді,
Қазақтың үйірмен үш – тоғызындай

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 515
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px