Сенің жолың – құс жолы - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Сенің жолың – құс жолы
(Тоқтар ӘУБӘКІРОВКЕ)

Әлиханның Айдан биік арманы,
Әлімханның Күннен биік талғамы,
Толғатқанда, –
Қарқаралы орманы
Тоқтар туып, Жер мен Көкті жалғады!

Жүсіпбектің әні аспанда үкілі,
Ер Матақтың атқан оғы, үкімі –
Көлі тауға шығып алған бұл елдің,
Ұлы Айға шығуына құқылы!

Жеңіс біткен бізге лайық деп анық,
Кеңістікке тура тарттың, өр, алып.
Елдің ұлы жерге қарап жүргенде,
Сен аспанға, біз асқарға қарадық!

Садақ тартса жеткізбейтін құсқа оғы,
Батыр-білек, ақын-жүрек, сұсты өңі,
Ездің ұлын тепеңдетсе темір жол,
Сенің жолың – құс жолы.

Бүгінгі той – сенің тойың, анық той,
Әр қадамың әр қазаққа салыпты ой.
Жер қадірін түсінетін сен – алып,
Сен алыпты түсінетін халық қой!

Біздің жүрек – Тәттімбеттің шанағы,
Біздің тілек – өр Қасымның қаламы.
Жиырма бес жыл Айдан Алаш үн қатты,
«Жиырма бесті» енді айтуға болады!

Алла – Алаш, жай бір бекет арада – Ай,
Тәңір қуат құй, Тоқтарға, қарамай!
Жетпіске кеп жатқандығы болмаса,
Жеті жасар баладай!

Мирас АСАН, 2016 -ж.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 165
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px