Спарта әйелдері (Анам Һалифаға) - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Серік  АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Спарта әйелдері
(Анам Һалифаға)

Гүлстандағы бейне гүл,
Болмысы бөлек,
Әлемі –
Спарта деген жерде бір
Әйелдер болған әдемі.

Жауһарға орау обал-ды,
Музаға рухы оранды.
Батырлар сүйді оларды,
Ақындар сүйді оларды.

Қыздары сынды перінің,
Періште елі кімде деп, –
Басқа елдің еркектерінің
Түсіне кірді түнде кеп.

Мейірімін төгіп көзінің,
Жүрегі тулап, дірілдеп,
Ерлерін ғана өзінің
Еміреніп сүйді пірім деп.

Аттың да тартып жалынан,
Айқасқа кіріп –
Құлпырды.
Спарта ұлдарынан
Ұрандап шабар ұл туды.

Шаттанды зеңгір аспанын
Шалқытып, орап
                        шабытқа – от,
Ұлдары жеңіп қас жауын
Оралса елге –
Табыт боп!

Тұрды олар мәз боп,
Мастанып,
Жұмаққа барып енгелі:
– Құл туған екен басқа жұрт,
Ұл туғам екем –
Мен! – деді.

…Музаға беріп баласын,
Мұңды ойға батып не түрлі,
Қарқаралыда қалды қайран Анашым –
Спартаның әйелдері секілді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 279
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px