Түркия - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ   
Түркия
Ұшайыншы аспаныңды
                               шарлап бір,
Құшайыншы теңізіңді
                              жалдап бір;
...Еуропаға қойып қойған            Інжуім,
Адамзаттың көзін, әне,  
                                 арбап тұр!

Құранменен Құдайды іздеп  жүр жырым,
Мен қайтейін біреулердің   “Інжілін”?!
О, Түркия!
Азиядан арулап,
Еуропаға іліп қойған Інжуім!

Сеніменен жаным – бірге,
                               бір – кіндік,
Қаншама рет қынадайын  қырқылдық?
Төрткүл дүние  арасында –  Айбозым,
Төрт теңіздің* жағасында –
Бір құрлық.

Өзіңді іздеп,
Желбіреп бір тұлымым,
Көкбөрімен қоса көкке  ұлыдым.
Қайтып келген адасқан ұл**  секілді,
Құшағыма, келші, қайран,   құлыным!

Мәңгі жыр!
Күнің де – ашық, гүлің-дағы   алқызыл;
Төрт теңіздің  жағасында  Түркиям, –     
Төрт Арудың  арасында –
Жалғыз Ұл!

*Қара теңіз, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері;

**«Возвращение блудного сына» – Рембрандттың
(1606-1669) картинасы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 273
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px