Төрт салт атты - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Төрт салт атты
Соғыстың шарпып өткен өрті-ай,
                                                           жылдам,
Естияр ағалардан ерте айырылған,–
Төрт бала –
Қазақ дейтін жыр-еліне,
Төрт атқа мініп келдік –
                                               төрт ауылдан.

Дәуітәлі* деген, шіркін,  қандай жігіт,
Жырлады Жыландысын хандай қылып!
Көргені көзін ашып жылан еді,
Жұтты ғой сол соңынан
                                                 қалмай жүріп...

Қарасаң, тау басында – обалары,
Әр жерде бір-екі-үштен молалары;
Жүрсіннің** туған жері – жер түбінде,
“Жер жоқ - деп өзі айтады – одан әрі...”

Көрсетпей өркениет қарасын да,–
Мен туғам Қызыларай даласында.
Өскенмін Мауглидей*** асыр салып,
Арқар мен арландардың арасында!

Көгілдір  Ақсораңның аспаны мен,–
Көк жасыл! –
Көрмедім ғой басқаны мен!
... Ғалымның****туған жері – өркениет,
Пойыздар жүйткиді онда
                                                  составымен...

16.06.2016 ж.
*Д. Стамбекұлы.
**Ж. Ерман.
***Маугли – қасқырдың асырауындағы бала, (Р. Киплингтің кейіпкері).
**** Ғ. Жайлыбай.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 586
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px