Тағдыры бір асылдар, сырын ұғын... - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жаңаарқа –

жұлдыздар елі

 

Шұбырынды ақтабаннан қалған жер,

Талай жайсаң өзіңде от боп жанған жер.

Ассалаумағалейкүм қасиетті,

Сәкен ағам кіндік қаны тамған жер!

 

Келбетіне қараған жұрт тамсанған,

Қайда барса құшақ жая қарсы алған,

Ассалаумағалейкүм сайын дала,

Сәкен ағам баяулатып ән салған...

 

Бойындағы білімі мен дарыны,

Мол еді ғой күш қайраты дарыны.

Жарқ етті де ағып түсті жұлдыздай,

Жаңаарқадан Жарылғаптың Ғалымы...

 

Тәңірге мұңымызды шағамыз да,

Іздегенмен сіздей жан табамыз ба?

Етегінен қол жайып өтемін тек,

Ақселеудей асқар тау ағамызға...

 

Бар өнерін ұрпаққа сый қылыпты,

Бар өмірін өлең мен күй қылыпты.

Жаңаарқа – ән жырының атасы деп,

Айтар ем, асыл ағам – Игілікті.

 

Аспаннан жұлдыз болып шашыраған,

«Мен ғасыр адамы» деп тасымаған.

Темірғали Көкетаев көкем де,

Жүз жылда бір туатын асыл адам!

 

Жаңаарқа екен түпкілікті мекені,

Төбесі көктен асып тұрған екі елі.

Жұлдыздығын әлемге мойындатқан,

Академик Өмірзақтың Бекені.

 

Сәкен жортқан ақ боз атпен сұр белде,

Бекболат пен Ғалым туған бұл жерде.

Дихан ағам осы арадан танытқан,

Жаңаарқаны бар әлемге күллі елге.

 

Қамқор әке қайдасың деп, ер жеттік,

Пенсияңа жармассам деп селдеттік.

Талай асау сұлулардың сезімін,

Қорекеңнің әндерімен тербеттік.

 

Заманының Құлагері – бәйгі аты,

Айбозды айтса айға шабар айбаты.

Ақан менен Біржан салдың сарқыты –

Бақ дарыған Байбосынның Қайраты!

 

Тауып айтқан ақынға сын жүрмейді,

Көкейінде күміс жыр күмбірлейді.

Аламан айтыстардың ақтанкері,

Аманжол Әлтаевты кім білмейді!

 

Жүрегімен жыр жазып, ой құрайды,

Айтысса қарсыласын сойғылайды.

Жұлдыз емес деп қалай айта аламын,

Ғалым, ақын – Асанов Қойлыбайды!

 

Көмейінде қос бауырдың таза дауыс терең үн,

Ту ғып ұстап қазағымның сахнасын, өлеңін.

Ағайынды Кемалов – Қайрат Жақсыкелділер,

Өрге сүйреп өгіздей, жүр ғой өңір өнерін.

 

Жұлдыз дейін, құндыз дейін – мейілі,

Сарыарқаның кеңдігіндей пейілі.

Әуендері жүректі тербететін,

Жан бауырым – Аяғанның Сейілі.

 

Елестетші мөлдір жанар ботаны,

Жан тербеген нәзік сезім от әні.

Қыдыр қонған қасиетті Жаңаарқа –

Қарақаттай сұлулардың да отаны.

 

Жаңаарқада Ғалымдар көп, тау құлатар арыны,

Соның бірі інім, құдам Әбіханның Ғалымы.

Бар білімін ісін, күшін ауыл елге жұмсаған,

Ол да осы қасиетті – Атасудың нар ұлы.

 

Ел сыйлаған қалың Тоқа әулеті,

Жарқыраған бұл әулеттің сәулеті.

Тағдырымен тайталасқан тарланбоз,

Замандасым – Сәрсенбайдың Дәулеті.

 

Қасиетті Жаңаарқа үлесінің,

Айтайын тағы да мен бір есімін.

Ұстаз, басшы, депутат – Ғазым ағам,

Атасы ғой Атасу күресінің.

 

Заманының Қажымұқаны саналған,

Ерте кетті кеудесінде бар арман...

Жан досым – Шалғынбектің Жағыппары,

Ол да осы топырақтан жаралған.

 

Шалқасынан түсірген шалғандарды,

Алып шыққан әлемге армандарды.

Байшолақтың үш арысы дер едім,

Қанат, Жанат, Талғаттай тарландарды.

 

Орнатса да бейішке алтын тұғырын,

Қысқа қылды-ау, Қанаттың тым ғұмырын...

Маңдайында жұлдыз болып жарқырап,

Жанып тұрған қазағымның бір ұлын.

 

Айтбеков Әкіман да, Көкіман да,

Кіндік қаны тамған жер осы маңда.

Жастықта бір күрескен достарым ед,

Әбдешті де қосамын осыларға.

 

Шулатқан өнерімен өз заманын,

Күрестің табушы едің тез амалын.

Белдесіп ек сан рет боз кілемде,

Менің Балуан шолағым – Өзаманым.

 

Жігіт ең, жаның жомарт, сөзің дәрі,

Талай қызға жүк болған сезім нәрі.

Кездескен сайын менен әлде болса,

Сұрайды сол кемпірлер өзіңді әлі...

 

Осылармен Жаңаарқа жақын маған

Өнерпаз көп таңдайы тақылдаған.

Балуаны белдесіп, әншілері,

Ән сап жатар болса да ақырзаман!

 

Бағдат ШАХМЕРДЕНОВ,

«Құрмет» орденінің иегері, қазақша және

самбо күрестерінен спорт шебері.

Қарқаралы ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 285
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px