Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Руханият

Материалдар категориясында: 1609
Көрсетілген материалдар: 1601-1609
Беттер: « 1 2 ... 159 160 161

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
09.06.2012
«Елу жылда ел жаңа» демекші, кеңес үкіметі кезінен бастау алып, еліміздің тәуел­сіздігіне ие болған заманға ұласып жатқан жылдарда еңбек етіп жүрген, Қарағанды қаласындағы №77 МББК-ні физика пәнінің мұғалімі Төлеген Жұмашұлы Арконовтың оқу-ағарту саласындағы еңбек жолына биыл 50 жыл толып отыр.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1168
07.06.2012


Жақында Қарағандыға Алматыдан сүйіншілі хабар жетті. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының отырысында қарағандылық қос қаламгердің аталмыш одаққа мүшелікке қабылданғаны жөнінде шешім қабылданыпты. Олар – белгілі ақын, теміртаулық Қасым Ботанов пен жезқазғандық талантты драматург, ақын, аудармашы, ғалым Кенжебай Ахметов.

 пікірлер: 0
 оқылған: 540
26.04.2012

Бір өзі бір тұтас дәуірді бей­не­лейтін тұлғалар болады. Соғыстан кейінгі қайта өрлеу, экономиканың, әлеуметтік са­ла­­ның, мәдениет дең­гейінің да­муы және адамдардың әл-ауқатының артуы Қали Әлі­бекұлы Аманбаевтың есімімен ты­ғыз байланысты. Ол кеңестік дә­уірдегі басшылардың жар­қын өкілі ғана емес, ерекше жігерлі адам еді.. Жасының ұлғай­ға­нына қа­рамастан, ол өмірінің соң­ғы күніне дейін қоғамдық жұмыстың, туған өлкесінің, тіпті, тұтас қазақ елі­нің реформалары мен жаңа­руының алғы шебінде болды.

 пікірлер: 0
 оқылған: 676
14.04.2012
Саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған кезеңде «халық жауы» деген сөзді шынашақтай күні­мізде-ақ естідік. Үлкендерден, кинодан...
 Сонда ойлайтынбыз «Халық жауы»  дегендер халыққа қастық қылғандар ғой» деп. Бала-көңіл қайдан білсін онда қазақтың тарихы – арыстар мен боздақтардың қанына бөгіп тұрғанын... Сөйтсек, халық жауы олар емес екен. Сол уақытта тақта отырған биліктегілер екен. Қолдары білектеріне дейін қанға боялған.
 пікірлер: 0
 оқылған: 719
12.04.2012
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мазмұнды көрменің ашылу салтанаты өтті. Облыстық мұражайдың сексен жылдығына орай мұнда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мә­дени қорық-мұражайы келді. Олар сәуірдің алтысы күні «Киелі Түркістан» атты көрмелерін бастап жіберді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 859
31.03.2012

Суыр –  «Құрметті кенші»
Қарағанды қаласын араласаңыз, ертеректе қойылғаны мен кейін орнатылғаны бар бірталай ескерт­кішті көресіз. Ел тарихы мен сол тарихқа қатысты тұлғалары мәр­мәр, қола, тіпті, пластик арқылы түр­лі пішінде, алуан кескінде алдан шығады. Өндірісті қалаға ғана тән пейзаж ішінде суыр да жүр.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1804
27.03.2012
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағандының мемлекеттік техникалық университеті «Қа­зақ мемлекетін құрудағы Қазыбек бидің ролі» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1650
27.03.2012
Сарыарқа жастарының тәлім алар мектебі, білім іздеген талапкердің алтын ордасы – Е.Бөкетов атындағы Қа­рағанды мемлекеттік университеті. Қа­сиетті қара шаңырақ ҚарМУ – 70 жыл­дық тарихы бар, классикалық бі­лім берудің нақты үлгісін жасаған үл­кен орда. «Тәрбиесіз берілген білім адам­заттың қас жауы» – деп ғұлама әл Фараби айтқандай, тәрбиеге толы құн­дылықтарымен қатар, студенттердің білім көкжиегін жан-жақты кеңейтуде жақсы істер атқарылуда. Академик Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ Қазақстанда әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен кейінгі, еліміздегі екінші оқу орны. Іргесін 1972 жылдан нықтап қалаған университет биыл наурыз айының бірінші жұл­дызды күні 40 жасқа келді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 2296
17.03.2012
Мен бүгiнде Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан” газетiнiң бас редакторы қызметiн атқарып жүрген Мағауия Сембайды көп жылдан берi бiлемiн. "Егемен Қазақстан” газетiн қадiрлi Шер-ағаң, Шерхан Мұртаза басқарып жүрген кезде мен Маңғыстауда, Мағауия Қарағандыда меншiктi тiлшi болып қатар жұмыс iстегенбiз. Екеуi де өндiрiстi облыстар. Содан ба, әлде бiз өзiмiз де бiле бермейтiн басқа бiр себебi бар ма, әйтеуiр екеумiз әу бастан-ақ бiр-бiрiмiзге ықыласты болдық. Бiр-бiрiмiзге деген ол ықылас басқа қызметтерге жегiлiп кеткенде де сөнiп, семiп қалмады. Қайта бұрынғыдан да жақындаса түскендеймiз. Кездескен сайын бiр-бiрiмiзге құшағымызды аша ұмтылып, амандық-саулық сұрасып, арқа-жарқа болып қалатынымыз бар. Ал алда-жалда кездесуiмiз тым сирексiп бара жатса, бiр-бiрiмiздi телефон соғып iздеп жатамыз.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1075
1-10 11-20 ... 1581-1590 1591-1600 1601-1609

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1239
count 88x31px