«Айбын» – жігерлі жастар бәсекесі - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

«Айбын» –  жігерлі  жастар  бәсекесі
Келесі аптада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады.
Әскери-патриоттық жиынға Республиканың 16 қаласы мен облысының әскери-патриоттық клуб командалары, сондай-ақ,  республикалық әскери мектеп интернаттарының, «Жас ұлан» республикалық мектебінің және «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындарының әскери кафедра студенттері қатысатын болады.
Әскери-патриоттық жиын Қарағанды облысының Спасск кентінде   2016 жылдың 13-18 маусым аралығында өтетін болады, осы жиын барысында қатысушылар төмендегідей бағдарламаға қатысады:
1.Әскери-патриоттық клубтар өз өңірлерінің жетістіктерін көрсету;
2. Әскери мектеп интернаттар өз мектептерін таныстыру;
3. Жоғарғы оқу орындарының әскери кафедралары өздерінің ЖОО, өз мамандықтарын және өздерінің оқу-материалдық базасын көрсету;
4. Қазақстан Республикасының қалыптасуының негізгі даталары мен айтулы оқиғаларын, қазіргі кездегі Қарулы Күштерінің тарихы мен дамуын, әскери іс негізін, қару-жарақ және әскери техника үлгілерін, ұлттық тарих және т.б.  білуге арналған сауалнамалар мен байқаулар;
5. Роботтехникасы бойынша «Менің роботым» байқауы;
6.  «Айбын жұлдызы» конкурсы және киносыйлықты табыстау.
«Айбын» әскери-патриоттық жиыны жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Республикасында жасармияшылар қозғалысын дамыту, сондай-ақ, әскери қызметті насихаттау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін көтеру мақсатында өткізіледі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 318
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px