Айнымас серт – отаншылдық - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Айнымас серт – отаншылдық
Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»


Ұлы Жеңістің мәні мен маңызын ұрпақ жадына сіңіру мақсатында М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Естен кетпес отты жылдар» атты ашық әдеби кітап көрмесі өтті.


1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыс тарихын жастар санасына сіңіре отырып, оларды отансүйгіштікке, саналы батылдыққа баулу – баршамызға басты міндет. Ендеше, қазақ топырағында өмір сүрген әрбір азамат осы жұрттың болашағына бейжай қарамауы тиіс. Бұл – бүгінгінің айнымас серті. Отансүйгіштікті насихаттаған шараның ашылуында «Нұр Отан» партиясы Қазыбек би аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алма Бектұрова «Кеңес Одағының батырлары – қазақстандықтар» атты кітаптың тұсауын кесті.
Танымдық шараның тізгіншілері Мәрзия Сайфуллина мен Әйгерім Тілеуберген екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ батырларының ерліктері жайлы құнды деректер айтты. Мұнда қатысушы Қарағанды медициналық университетінің студенттері мен Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттерін №6505 әскери бөлімі мұражайынан алынған әскери қару-жарақтармен таныстырды. Сондай-ақ, аталған студенттермен бірге №6505 әскери бөлімінің сарбаздары 1000 данаға тарта кітап қойылған «Естен кетпес отты жылдар» атты кітап көрмесімен танысты. Оған қосымша Ұлы Отан соғысына байланысты «Кеңес Одағының батырлары – қазақстандықтар» бейнеролигі мен әскери ұшқыштар жайлы слайдтар көрсетіліп, соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 430
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px