Алақандай ауылдағы көркем кеш - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Алақандай ауылдағы көркем кеш
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Кеншоқылық жеткіншектер аналарына, ұстаздарына қуаныш сыйлады. 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, Шет ауданының Кеншоқы ауылындағы Нұра орта мектебінің 7 сынып оқушылары мерекелік концертке ұйытқы болды.
Осылайша, жасөспірімдер өздері құрмет тұтатын аналары мен ұстаздарын ұлықтауды жөн көріпті. Бастамаға мұрындық болған – аталмыш білім ордасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазира Шәмитова.
Мектеп қабырғасында өткен шарада «Қыз сыны» байқауы ұйымдастырылды. Сыныптас қыздар өзара сұлулық бәйгесіне түсіп, өнерлерін ортаға салып, өздерін түрлі қырларынан танытты.
Ұлдар жағы Көңілді тапқырлар ойындарына белсене қатысты. Өмір­дің түрлі қым-қуыт көріністерін әдемі әзілмен көркемдеп, қалжыңмен жеткізе білді.
Сондай-ақ, жас өнерпаздар шырқаған әндер нәзік жанды көрермен қауым тарапынан зор қошеметке ие болды. Кеш соңында балаларына баталарын берген аналар қауымы Жазира мұғалімге де алғысын жаудырып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 278
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px