Алыстаған сайын – асқақ - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Алыстаған  сайын – асқақ
Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін адамзатты кейінгі ұрпағына ең құнды мұра – атомдық жарылыстан азат жер шарын қалдыруға шақырған үндеу болды десек, артық айтпаймыз.
Биыл ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын қарудан бас тартып, полигон жарылыстарының тоқтатылғанына 25 жыл толады. Сондай-ақ, Қазақстанның халық жазушысы, зерттеуші-тілтанушы, түріктанушы, танымал саясаткер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, аңыз-ақын Олжас СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ 80 жасын бүкіл ел болып тойлағалы отырмыз.

Осындай игі істер барысында Олжас Сүлейменовпен бірге оның қадамдарын қолдап, халыққа жет­кізіп, зерттеу жұмыстарын жүргізуге ат салысқан біздің жерлесіміз, техника ғылымдарының кандидаты, эколог-маман, ІІ-дәрежелі «Достық» орденінің иегері Марғұлан Хамиевтің жеке құжаттары Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттамалар жөніндегі мемлекеттік мұрағатына қабылданып, жеке тектік қоры салтанатты түрде ашылды.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі сынақ полигонын жабу үшін басталған ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды. Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. Сол жылы Қазақстанның барлық аймақтарында және шетелдерде штабтың орны мен аймақтық жетекшілер құрылды.
Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласындағы штабтың  төрағасы болып – техника ғылымдарының кандидаты, талай жыл көмір саласында еңбек ете жүріп, кеншілердің еңбек жағдайын, денсаулығының, жер астында еңбек жағдайының жақсаруы жолында талай ізденістер мен ғылыми еңбектер жазған  жерлесіміз  – Марғұлан Хамиев  осы қозғалыстың белсенді мүшесі болды.
Міне, биыл сол полигон жарылыстарының тоқтатылғанына 25 жыл толады. Марғұлан Хамиевтің конференциялар мен жиындарда, БАҚ құралдарында белсенді және ғылыми дәлелдермен сөйлеген іс әрекетінің арқасында құрылысы салына бастаған Балқаш атом электрстанциясы жабылды. Ол әрдайым БАҚ құралдары арқылы Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларының экологиялық жағдайының нашар екенін ескертіп, алаңдауда.
Сол салтанатты ашылу кезінде М.Хамиев Олжас Сүлейменовпен бірге жүргізілген және жүргізіліп жатқан қыруар жұмыстары туралы әңгімелеп, бейнетаспалар мен фотосуреттерді архив қорына тапсырды.
Архив ұжымы атақты ақынымыздың өмірі мен шығармашылығына, қоғам үшін жасап жатқан еңбектеріне қанық болды. 2015 жылдың желтоқсанында ғаламтордан таралған хабарда «Түркияның ең танымал Түркологиялық зерттеулер қоры О.Сү­лейменовке «Түркі әлемінің Жыл адамы деген атақ берді» делінген және сол кезде Иерусалим академиялық колледжі оны «Құрметті профессор» етіп сайлады.
Ардақты азаматтарымызды өз елімізде құрметтей білейік.

Н.НАМАЗБАЕВА,
Қарағанды облысының
ғылыми-техникалық
 құжаттамалар жөніндегі
мемлекеттік
мұрағатының жоғары санатты мұрағатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 342
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px