Аналарды ардақтап... - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Аналарды ардақтап...
Жезді кентіндегі «Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешілері Сәуле ТОҒАЕВА мен Данагүл БИМАҒАНБЕТТІҢ ұйымдастыруымен, әйелдердің халықаралық күніне арналған «Ардақтайық ананы» атты мерекелік концерт өтті.

Балалар өз аналары мен әжелерін ертеңгілікке арнайы шақырған еді. Мерекелік көңіл-күймен, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған осы бір мейірімді жандар концерт залына келгенде балалар да қуаныштарын жасыра алмады.
Тұлымшағы желбіреген, сүп-сүйкімді қыз балалар мен ұлдар бірінен соң бірі шығып, тәтті тілдерімен аналары мен әжелеріне арналған тақпақтарын оқыды. Ата-аналармен «Жылы сөз» және «Мимика» ойындары  ойналып, Жезді аралас мектеп-интернаты оқушыларының орындауында «Ана», «Ақбұлақ», «Жан досым», «Анашым» әндері шырқалып, көрермендердің демеуі ерекше болды. Сұлу қыздар «Қуыршақтар», «Буратино» және үнді, орыс билерін билегенде өнерге деген құштарлығымен қатар, аналарына деген ыстық ықыласын, махаббатын, перзенттік сезімін анық аңғартты. Өйткені, олар «аналарымызды қуантсақ» деген кіршіксіз балалық тілекте еді. Соның тағы да бір көрінісі ретінде, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына ұсынып, тағы да бір қуантты. Мереке соңында ата-аналар арасында ұйымдастырылған қолөнер көрмесінің нәтижесі анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Ата-аналар жақсы көңіл-күймен тарқасты. Аналар құрметіне ұйымдастырылған мерекелік іс-шара әр баланың, әр ананың есінде көпке дейін сақталарына сенімдіміз.
Біздің болашағымыз – ұрпағымызды өнегелі де өнерлі етіп тәрбиелеп отырған тәрбиешілерге алғысымыз шексіз.

Айнұр ТӘЖІКБАЕВА,
Жезді кенті тұрғыны.
ҰЛЫТАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 245
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px