Анам жайлы тақпағым... - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Анам жайлы тақпағым...
Жақында «Алтын сақа» балабақшасында «Құлыншақ» тобының тәрбиешілері Е.Мұстаханова, Г.Әбілжанова және балабақша әдіскері Ж.Әшірбекованың ұйымдастыруымен «Ана – ардақты есім» атты мерекелік кеш  өтті.


Бүлдіршіндер өзінің жақын адамдарын қуанта білу, мейірімділік жөнінде ертеңгілік қойды. Балалар  жұптасып әдемі әуен ырғағымен би биледі. «Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық, алтын бақ» атты өлең жолдарын жатқа айтып, бірлесіп ән шырқады. «Алтын сақа» балабақшасының директоры  Ж.Оспанова әже, аналарды тамаша көктем мерекесімен құттықтап, қолғанат болуға, үлкендерді әрқашан құрметтей білуге шақырды. Көктем мезгілінің кейіпкеріне енген «Көктем қыз» келіп, көңілді кеш қонақтарын мерекемен құттықтап, әсем ән арнады. Құшағына толы қыр гүлін гүлдей жайнаған аналарға, қыздарға тарту етті. Бүлдіршіндер «Ана бұл – аяулы, мейірімді жан. Ару – ана, Ару – асыл жар» атты аналарға арнаған түрлі гүл шоқтары арқылы хат жазды. Бәрі бірауыздан «Анам болса қасымда, Басқа бақыт не керек?!» деген лебізде мерекелік кешті аяқтады. Сүйікті әжелеріне ән арнады.

Динара МЕДЕУБАЕВА.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 141
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px