Анамыздың мейрамы - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Анамыздың мейрамы
«Ақбота» балабақшасында аналар мерекесіне орай мерекелік шара өтті. 4-5 жас аралығындағы №7 «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері ата-аналары, тәрбиешілеріне арнап  көңілді кеш ұйымдастырды. Музыка пәнінен сабақ беретін Майра апай: «Әлемдегі ең асыл жан – Ана. Ол – аяулы да мейірімді жан. Бала тілі шыққаннан-ақ, бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Кейде оларға арнап аяулы ана, асыл жар, ардақты әже деп айтады. «Балбөбек» тобы бүлдіршіндерінің аналарға, әжелерімізге арнаған ертеңгілігіне хош келдіңіздер» деп кештің шымылдығын ашып берді. Тәрбиешілер Ә.Ырымбайқызы, Б.Төлегенқызы, М.Боранбайқызы апайларына өлең жолдарын арнады. Бүлдіршіндер кешке арнайы шақырылған ата-аналарына өздері жасаған сыйлықтарды тарту етті. «Наурыз – көктем, жыр – думанға» кешін көтеріңкі көңіл-күймен жалғады. Анаға байланысты мақал-мәтелдерді жатқа айтты. Бүлдіршіндер жетекшінің көмегімен «Анаға сәлем», «Мерекем» әндерін орындады.
Динара АЙТЖАНОВА.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 325
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px