Ардагерге – мәңгілік тағзым - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ардагерге – мәңгілік тағзым
Ұлы Отан соғысы жылдары фашистермен күресте жеңіп шыққан жауынгерлердің алдында басымызды иіп, құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың борышы. Жастардың соғыс ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен кездесуі, қарым-қатынас жасауы жас ұрпаққа сол кездердің қиыншылығын жете тануға, отансүйгіштік сезімдерін арттыруға зор септігін тигізеді.
Келешек ұрпақтың міндеті – жауынгерлердің ерлігін дәріптеу, өткенді ұмытпау. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың саны күн санап азайып келеді. Олар соғысты, соғыстан кейінгі қиын кезеңді бастан кешті. Қираған шаруашылықты қалпына келтірді, жаңа өмірдің кірпішін қалады. Сондықтан, бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған адамдар өте қымбат.
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ардагерлерді ұлықтау мақсатында Қарағанды облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аппарат құрамы соғыс ардагерлері және мүгедектер үйіне барды. Кездесу барысында МКҚБ бөлімшелерінің жас қызметкерлері мерекелік концерттік бағдарлама өткізді. Олар соғыс жылдарындағы әндерді, соғыстан кейінгі әуендерді әдемі орындады. Мерекеге елу шақты соғыс ардагері мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар, батырлардың аналары мен соғысқа қатысушылардың жесірлері қатысты. Әр ардагерге ерекше көңіл бөлінді.
Концерттік бағдарлама соңында ардагерлерге дастарқан жайылды. Дастарқан үстінде қарт солдаттар қатал соғыс жылдарын еске алып, естеліктерімен бөлісті.

Л.РЫСПЕКОВА,
Қарағанды облысы МКҚБ ММ ҚЖБ инспектор-полиграфологы, полиция
аға лейтенанты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 207
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px