«Ардагерлер ән салады» - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

«Ардагерлер ән салады»
Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлы Жеңіс күніне арналған  XXVІ облыстық «Ардагерлер ән салады» атты соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының фестивалі өтті.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы мұрындық болған шара барысында, «Мәңгілік алау» даңқ мемориалына гүл шоқтарын  қою рәсімі жасалды.
 – Құрметті фестиваль қатысушылары, сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, Шет ауданы тұрғындарының атынан алғыс айтқым келеді. Дәстүрге айналған бұл фестиваль аға буын өкілдерін әрдайым назарда ұстап, өнерлерін шыңдап, жігерлерін қайрап келеді. Осы ақ шашты ата-әжелеріміздің арқасында жас ұрпақ бейбітшілікте өмір сүруде. Сіздерге мың алғыс, – деді аудан әкімі Марат Жандәулетов.
Шара аудан өнерпаздарының егемендігімізге ширек ғасыр толуына арналған театрландырылған көрінісімен ашылды. Фестивальге Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандары мен Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан келген 23 хор ұжымы қатысты. Хор ұжымдары соғыс кезіндегі және патриоттық бір ән орындады. Шара соңында қатысушыларға аудан әкімі диплом мен естелік сыйлықтар табыстап, басқарма басшылығы диплом мен ақшалай сыйлықтар ұсынды.
Ауыспалы ту Шет ауданынан Теміртау қаласына өтті. Демек, келесі жылы бұл фестиваль Теміртау қаласында өтетін болады. Фестиваль «Ән салайық, достар!» атты кездесу кешімен жалғасын тапты.
Диар ЫДЫРЫС,
ҚарМУ-дың студенті.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 300
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px