«Ашық есік» күні өткізілді - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

«Ашық есік» күні өткізілді

Жуырда Қарағанды экономикалық университетінде «Ашық есік» күні өткізілді. Биылғы жылы оқу орны өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтпек. Осы оқиғаға орайластырылған «Жаңашыл оқу орнына – креативті ойлайтын студенттер» атты шараға облысымыз бен Қарағанды қаласының көптеген орта мектептері мен колледждерін биыл бітіретін шәкірттер шақырылды.
Қызықты кеш жұмысына ҚЭУ әлеуметтік жұмыстар департаментінің, деканаттардың, кәсіби бағдар беруге жауапты кафедралардың оқытушылары, факультеттердегі волонтер-студенттер белсене араласты.  
Шара барысында болашақ талапкерлерге оқу орны бойынша экскурсия жасалып, электрондық жұмыс кестесі, дәрісханалар мен конференц-зал, спорт залы, жазғы спорт алаңы, электрондық дүңгіршек, кітапхана көрсетілді. Онымен қоса, университеттің оқыту бағдарламасына қатысты түсінік берілді. Онда оқу бітірген соң жұмысқа орналастыру мен таңдаған мамандығы бойынша лауазымдық өсу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Саяхаттан соң қонақтар университеттің ауласында өткізілген флешмобқа шақырылып, викториналар ойнатылды, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Болашақ талапкерлердің Студенттер мәдениет сарайында Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Астана жастары» ресурстық орталығының директоры, белгілі актер, музыкант, Әнуар Нұрпейісовпен кездесуі де қызықты өтті. Жастардың талғамына сай заманауи ән мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің түлегі Әнуардың Қарағанды экономикалық университетінен білім алудың болашақ мамандықтар таңдауға әсері туралы тартымды әңгімесі жиналғандардың көңіліне қонымды болды.


С.Сатымбекова,
Қарағанды экономикалық университетінің  аға оқытушысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 102
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px