Барлық ізгілік – ардагерге - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Барлық ізгілік – ардагерге

Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Сорокина 8 наурыз мерекесінде айырықша сыйлыққа ие болды. Оны Әйелдердің халықаралық күнімен «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов құттықтады. Ол ардагерге мықты денсаулық тілеп, сый-сияпаты мен гүл шоғын ұсынды.
Нина Николаевна 1941 жылы Воронеж мединститутын бітіргеннен кейін Алтай өлкесінде учаскелік медбике болып еңбек жолын бастаған. 1942 жылы 362-ші атқыштар полкі, 315-ші мотоатқыштар дивизиясына кіші медбике болған. Кейін оны Сталинградқа аттандырады.
Соғыс біткеннен кейін Қарағандыға қоныс аударып, 1974 жылға дейін Октябрь ауданының медбике персоналында қызмет еткен. Ширек ғасырға жуық Октябрь ауданының әскери-медициналық комиссиясын басқарды. Көптеген медальдармен марапатталған.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 303
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px