Батыр Нұркенге құрмет - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Батыр Нұркенге құрмет
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»
Ерлік қашан да ұмытылмайды, араға жылдар түскен сайын асқақтай береді. Нұркен ауылдық округіндегі орта мектепке Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің ескерткіш мүсіні қойылып, оның салтанатты түрде ашылуы өткізілді.
Туған жеріңді асқақтат, қолыңнан келсе жан-жақты дамуына үлес қос. Жақсы қағида, қолдауға тұратын бастама. Осы ескерткіш мүсінді мектептің 1996 жылғы бітірген түлектері жасатып әкеліпті. Рахмет, мың алғыс сендерге бауырлар! Бүгінгі жас ұрпақ алдыңғы толқын аға, апаларына қарап бой түзейді, ерлікке тағзым етеді. Солардың асқақ рухын қастерлеп, ұқсағысы келеді. Отандық сезім деген осы болса керек.
Ақтоғай ауданының әкімі С.Әбеуова, тыл ардагері Нығмет Жақыпбекұлы, аудандық мәслихат хатшысы Р.Әбеуов ауыл тұрғындарына, мектеп ұжымына осынау қуанышты күні игі тілектерін жеткізді. Жақсы іс жалғасын тапса деген ұсыныс пікір айтылды.
Ауыл мектебінде жарастығын тапқан игі бастамалар баршылық. Соның ішінде бірыңғай мектеп оқушыларының формасын енгізу осы ұжымда біраздан бері қалыптасқан.
Ақтоғай ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 211
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px