Бекжан бағындырған белес - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Бекжан бағындырған белес
Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген дана халқымыз. Бабалар өсиетін орындаған елімізде бүлдіршін балаларға арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауы дәстүрлі түрде өтіп тұратыны бәрімізге мәлім болар. Республикалық байқаудың биыл ІІ орыны – біздің облыстағы №101 мектеп-лицей­дің        1«б» сынып оқушысы Бекжан ҚҰТТЫМҰРАТОВТА.   
Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІ байқауына биыл еліміздің барлық аймағынан 383 оқушы қатысып, жалпыкомандалық есепте Қарағанды облысы ІІ орынды қанжығалады. 1-7 сынып оқушылары арасында өтетін байқау кезеңдері бойынша әуелі мектепішілік жобалар сайыстан жеңіп, облыстық іріктеуден №101 мектеп-лицейдің 1 «б» сынып оқушылары – Бекжан Құттымұратов пен Шынар Хасен І-ІІ орынды иеленді. Біздің Бекжан баламыз республикалық байқауға жолдама алып, одан ІІ орынды олжалап қайтты (1-4 сынып оқушылар арасында). Аталған екі баланың да жетекшісі – Жұпар Момынбекова. Бекжан шығармашылық жұмысын «Қасқыр – жыртқыш аң» тақырыбында қорғап, «Дарын» РҒПО-ның дипломы мен сертификат иегері болды. Сөйтіп, мектеп табалдырығын жаңа аттаған Бекжан бір белесті бағындырып үлгерді. Тіл-көзден аман болсын!   

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 164
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px