Білгенге - маржан - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қаныш
Күннен 2,223 астрономиялық қашықтықта (332 миллион км.), диаметрі он бір шақырым, түсі қара қоңыр, қатты жыныстан тұратын, Марс пен Юпитердің аралығында шыр айналып жүрген (Жерден оны бір жыл бес айда бір-ақ мәрте көруге болады) жұлдыздар картасында 2402 санға ие «Сәтбаев планетасы» космосты шарлап жүр. Бұл ғарыш денесі Қанекең атын СССР тұсында алған. Қаныш атамыздың жұлдызы. Қай қазақтың атында планета бар?

Лалагүл (лилия)
Лалагүл – көне Римде байлық пен қазынаның белгісі. Соған орай бақыр тиындарында осы гүлдің таңбасы бар. Ежелгі Египетте он екіде бір гүлі ашылмай жас кезінде қайтыс болған қыздардың мүрдесін лалагүлмен әшекейлеген. Францияда ертеде гербтеріне осы гүлдің таңбасын басыпты. Жолыңыз түсіп, Парижге бара қалғанда лалагүл сыйласа, сізге айрықша құрмет көрсетілді деп жалыңызды күдірейте беруіңізге болады.

Гренландия
Әлемдегі ең үлкен арал – Гренландия. Аралдың жер көлемі – 2 миллион 176 шаршы километр. Соның 1 миллион 834 шаршы километрін мұз басып жатыр. Бұл аралға Англияңыз Шотландиясымен, Уэльсімен, Францияңыз, Италияңыз, Голландия, Бельгия мен Норвегияңыз сыйып кетеді екен.
Маржан терген Мағаш СЛАНБЕКҰЛЫ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 233
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px