Білгенге – маржан - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Назар
Парсы патшасы Кир қол астындағы  барлық жауынгердің есімін білген. Ал, грек мемлекеттік қайраткері Фемистокл – Афинадағы 2000 адамның атын жатқа білген.
Осындайда бір әзіл еске түседі. Қытай мен қазақ әңгімелесіп отыр екен.
Қытай: Қазақстанда қанша халық тұрады?
Қазақ: 17 миллион.
Сөйтсе, қытай: Сендер бір-біріңді танитын шығарсыңдар, – деп таңданыпты.

Қате
Лев Толстойдың «Қажы-Мұрат» повесін оқыған әр адамның көз алдында өр мінезді таулықтың мәңгілік образы тұрады.
Бірақ...
Қабірі – Әзірбайжанның Қыпшақ селосында. Өткен-кеткен жүргіншілер шытынай жарылған құлпытас бетіндегі көне араб әліпбиімен жазылған сөзді қызығушылықпен тамашалаған. Алайда, ауыл тұрғындары арасында арабша түсінетін адам болмаған.
Бірде жергілікті газеттің журналисі әлгі құлпытас жайлы Әзірбайжан ССР Ғылым Академиясының тарих институтына қоңырау шалады. Содан кейін, арнайы экспедиция құрылып, ол бейітте жатқан атақты Шәмілдің шәкірті Қажы-Мұрат екені анықталады. Мүрде бассыз болып шығады. Бірақ, оған ғалымдар таңданбайды. Себебі, Толстой: «Қажы аға жансыз дененің арқасына аяғын салып тұрып, екі соққымен басын шауып түсірді...» деп жазған еді.
Әйтсек те, түркі тектес халықтар бір-бірінің басын кеспеген. Кессе, орыс кеседі, не орыс кескізеді.
Хан Кене тағдыры да сондай.

Жады
Неаполитандық Арлини бір демде Дантенің 15350 өлеңін жатқа айтқан. Француз буржуазиясының саяси қайраткері Гамбеттаның жады ерекше болғанын білесіз бе? Мысалы, ол Виктор Гюго мен Оссианның шығармаларын сөзбе-сөз, тіпті, керісінше қалыпта жатқа оқи алған.
«Манас», «Алпамыс», «Қырымның қырық батыры» жырларын таңды-таңға ұрып, тоқтаусыз жырлаған жыршыларымызды біз неге айтпай жүрміз?
Маржан терген Мағаш СЛАНБЕКҰЛЫ.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 133
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px