Білгенге – маржан - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Рауғаш

Рим папасының барлаушысы, венециялық саяхатшы Марко Поло Шыңғыс қағанның немересі, Қытайды ашса алақанында, жұмса жұмырығында ұстап отырған Хұбылай ханның ордасына осы Ұлы Даламыздың үстімен сапарлағаны мәлім. Алтай тауынан асар тұста жергілікті халық асқан ептілікпен бір өсімдікті теріп жүргенін көреді.

Бұл не? – деп сұрапты Марко Поло.

Қарынтамыр, – деп жауап беріпті олар.

Яғни, рауғаш өсімдігі туралы жазба дерек алты ғасыр бұрын хатқа түскен. Содан кейін 1856 жылғы Ыстықкөл сапарындағы күнделігінде  рауғашты алғаш зерттеп жазған Шоқан екен. Қымыздық сияқты қышқыл дәмін айта келіп, анар жемісіне ұқсайтынын сипаттапты. Суретін де салған.

Ертедегі Тибет халқы рауғаштың шипалық қасиетін біздің жыл санауымыздан 2700 жыл бұрын білген. Кейін қытайлықтар рауғашты Грецияға, Парсы еліне керемет пұлдап сатып отырған. Рауғаштың құрамында көп мөлшерде С  витамині, сондай-ақ, алма, хризофон қышқылдары, түрлі минералдар бар. Қымыздық тектес.

Бала күнімізде көк қаулап, күн күркіресімен жуа жеп, қымыздықты ащы­лайтынымыз содан екен.

 

Аскөк

Қыс бойы қалың ұйқыға кететін жыландар көктем шыға оянатыны белгілі. Інінен әзер жорғалап шыққан жыландар тегіс соқыр емес, көздері ашылмай қалады екен. Содан аскөкті иісімен іздеп тауып, біршама қаужаңдап, көздерін осы шөпке үйкелейді. Мұны бақылап жүрген ғалымдар әу бастағы жыландардың соқыр болып қалуы суықтан деген тұжырымның қате екенін дәлелдейді. Қыс бойы нәр сызбаған жылан авитаминоздан соқыр болып, ол витаминді тек аскөктен табады.

Ғалымдар аскөктің жапырағынан аскорбин қышқылын, кратон, кварцитин флавонойдын, изорамнетин және кемиферол ұшырастырған. Гипертонияға аскөктің тұнбасын пайдаланса, жақсы нәтиже береді дейді.

 

Жуа

Көктем шыға күн күркіреуін тосатынбыз бала күнімізде. Найзағай ойнамай жуа жеуге болмайды. Неге екенін осы күнге дейін білген емеспін. Күн күркіресімен бала біткен тау кезіп, жуа теріп кететін.

Еуропа орта ғасырда обадан қынадай қырылып жатқанда Америка құрлығындағы аборигендер жуа жеп, жуамен жуынып аман қалғаны жазылады тарихта. Сол замандағы шипалық кітапта сарымсақ іш құртына, тас байлануға, цингаға, бастың таз болуына қарсы қолданылған. Сарымсақ  дифтерия, стафилококк, стерептококк сияқты микробтарды қырып салады екен. Ал, сарымсақ туберкулез таяқшасын 5 минутта жойып жіберсе, сулема немесе карбол қышқылы таяқшаны 24 сағатта әзер өлтіреді. Қазекем  жуаның пайдалы екенін бала күнінен білген. Адам табиғат перзенті ғой. Қазір өгей баласына айналып бара жатырмыз ба? Қалай?

Маржан терген

Мағаш СЛАНБЕКҰЛЫ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 335
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px