Бір тудың астында... - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Бір тудың астында...
Мен өз басым ұзақ жылдар ауданымыздың әр саласында қазақтармен қоян-қолтық жұмыс істедім. Жолдасым – украин қызы Наталья ДМИТРИЕВНА аудандық ауруханада жемісті еңбек етті. Балаларым да осы жерде оқып, жетілді. Бәрі де қазақ тілін өз ана тіліндей меңгерді.
Біздің ұлтымыз өте күрделі кезеңдерді бастан кешкені тарих­тан белгілі. Соғыс жылдары Қазақстанға жер аударылды. Қазір сол көшке ілесіп келгенде бауырына басқан қазақ халқы туралы әркез айтып отырамыз. Тәуелсіздік – тек, қазақ үшін ғана емес, осы даланы «туған үйім» деп, бауыр басып, ұрпақ өрбіткен барша ұлт қадірлей білуі тиіс бақыт. Ширек ғасыр бұрын қазақтың аспанында жарқырап шыққан күннің шуағы бір Тудың астына біріккен 130-дан астам ұлттың баласын жылытты.
Ең бастысы – біздің еліміз­де саяси тұрақтылық бар. Айна­ламыздағы елдер соғысып, адам­дардың өмір сүруіне мүмкіндік болмай жатқан уақытта, біз көп нәрсеге шүкіршілік етуіміз керек. Біздің Елбасымыз – ұлы істердің бастамашысы, ұлы халықтың көшбасшысы. Оның есімі жүз­деген ұлттар ұрпақтарының жүре­гінде мәңгі сақталып қалады. Біз бейбітшілік үшін, еліміздегі саяси тұрақтылық үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа, қазақ халқына алғыс айтуға міндет­тіміз. Мәселен, мен сияқты өзге ұлт өкілі үшін елдегі саяси тұрақтылықтан маңызды ештеңе жоқ.
Гельмут РОМАКЕР,
зейнеткер.
ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 244
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px