Біз артқан үміт – Мұзартта - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Біз артқан үміт – Мұзартта
Кеше ақиық Алатаудан сары бел Сарыарқаға жыл құсындай сүйіншілі хабар жетті. Қазақ поэзиясының кереге қанаты, селебе серті – мұзарт Мұқағалидың туғанына биыл – 85 жыл. Тұлғаның тұғырын биіктетіп, ғұмырын болашақ ұрпаққа үлгі етпек мұраттан туған «Мұқағали оқулары» Қарасазда дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келеді. Сол, қара өлеңнің қайнары – Қарасазда өткен игі шарадан біз қосқан тұлпар жүлделі оралды. Арқаға абырой, ата-анаға жетістік, мектепке мәртебе әперген дүлдүлдің есімі – Айсұлтан КӘРІБАЕВ. Ендеше...
Мирас АСАН,
«Орталық Қазақстан»
«Мұқағали оқулары». Жыр додасының аты айтып тұрғандай, бұл бәйгеге ауыздығымен алысқан асау, үзеңгісінен үріккен небір тарпаңның қатысатыны анық. С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Айсұлтан Кәрібаевтың алдында ауыр сын тұрды. Ұстазы Мағрипа Фазылқызы жетелеп, Жетісудың жыр дүлдүлдерінің ортасына кірді. Ақынның бес поэмасын мүдірмей жатқа оқу – шарт. Өз шығармашылығыңның бағасы да – сол жерде қазылардың қырағы қадағалауында. Табан астында берілген тақырыпқа өлең құрау кезеңі тағы бар. Арқасына Қасымның қайсар рухы қонған Айсұлтан солардың біреуінен де сүрінбепті. Біреуінен де мүдірмепті. Жүлделі ІІІ орын биігінен бір-ақ шықсын!
Күлігін көзімен баққан ұстазын әңгімеге тарттық:
Мағрипа ХАСЕНОВА:
– Ақынын ардақтаса – Алатау ардақтасын. Қартынан қар­шадай баласына дейін Мұқағалидың мүтіл өлеңін жатқа айтады. Айсұлтан түскен доданың күрделі екендігін осыдан-ақ көре беріңіздер. Республиканың түпкір-түпкірінен келген жас шайырлардың алдына түскен Айсұлтаныма үлкен үміт артып отырмын, – деді.
Бала қыранның талабынан біз де үміттіміз!

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 320
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px