Чемпион болып оралды - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Чемпион  болып  оралды
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»

Жақында Орал қаласында мектеп оқушыларының арасында спорттың ұлттық түрі – тоғыз­құмалақтан республика біріншілігі өткен болатын. Осы біріншілікке қатысқан жерлесіміз Шыңғыс Қойшыбай чемпион атанды.
Ер балалар арасында мұндай атаққа қарағандылық оқушылар көп жылдан бері жетпеген еді. Соның есесін барлық кездесуін өз пайдасына шешкен Абай ауданының Топар кентіндегі Абай атындағы мектептің 4-сынып оқушысы Шыңғыс Таңатұлы қайтарды. Оны үйде тоғызқұмалаққа әкесі Таңат баулыса, мектепте белгілі бапкер Жұмақан Бетшинов баптаған.
Шыңғысқа елімізді әлемге танытуда талмас қанат, таудай талап пен қатар бармақтай бақ тілейміз.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 155
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px