Дәстүрлері дәріптелді - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Дәстүрлері дәріптелді
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Биыл алғашқы рет аталып өткен Алғыс айту күніне қаладағы түрлі ұлттардың мәдени орталықтары белсене атсалысты. Бұл күні олар өздерінің дәстүрлерін дәріптеп, өнерлерін ортаға салды. Ел бірлігіне ұйытқы болып отырған қазақ халқының достық пейіліне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Жезқазғанда 7 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Алғыс айту күні солардың белсене қатысуымен Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Онда орыс, украин, неміс, кәріс, татар-башқұрт және түркімен халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан сыр шертетін көне мұралар қойылыпты. Өнерпаздары ұлттық әнін сызылтып, биін билеуде. Қала жұртшылығына ежелден танымал өнер ұжымдары да осында жиналған. Мәселен, украин этно-мәдени орталығының «Любысток» халық ансамблі 25 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Корей орталығының «Диндале» ансамблі де ұлттық өнерлерін лайықты ұлықтауда.
    Осылардың барлығы қазақ халқымен тамырласып, бірлесіп өркен жайғандай әсерге бөлейді. Соның айғағындай, «Қазақ тілі» қоғамының төңірегіне топтастырылған қазақтың бай мұрасынан құралған ағаш ыдыстар мен ер-тұрман, қобыз-домбыра сияқты музыкалық аспаптар мен этнографиялық бұйымдар көздің жауын алады. Музей жәдігерлерімен қатар Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті дизайн шеберлерінің қолынан шыққан «Сарыарқа», «Жезкиік» секілді бірегей туындылар да ел назарын аударды. Мазмұнды іс-шара кешкілік Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертке ұласты.
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.
Суретте: «Любысток» ансамблінің өнерпаздары.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 221
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px