Дарындылар дараланды - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Дарындылар дараланды
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


«Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатында республикалық «Ақберен» байқауының облыстық деңгейдегі кезеңін өткізді. Байқауда 8-11 сыныптарда оқитын өнерлі оқушылардың бабы мен бағы сарапқа түсіп, дарындылар дараланды.

Сындарлы сынға Қара­ғанды, Теміртау, Сәтбаев, Бал­қаш, Қаражал, Шахтинск, Саран қалалары мен Абай, Қарқаралы, Нұра аудандарынан құрамында 83 өнерпазы бар 18 команда қатысты.
Облыстық кезеңнің қо­ры­тын­дысында байқау бағдар­ламасындағы 6 аталым бойынша ең үздіктері іріктеліп алынды. «Шешендік өнер» сынында облыс орталығындағы Ә.Бөкейханов атындағы №76 орта мектептің оқушысы Жан­келді Тоқтамұратов соңына қара ілестірмеді. «Эссе жанры» бойынша Балқаш қаласындағы №2 лицейдің үміткері Айзада Асылханова үздік шықты. «Көркемсөз оқу» сынында Теміртаудағы №4 орта мектептің өнерлі оқушысы Мұхамеджан Теміров жеңімпаз атанса, жазба ақындар арасынан Сәтбаевтағы №1 мектеп-гимназияның үкілі үміті Ардақ Тойлыбаева ат оздырды. Ал, ұлттың ұлы мұрасы – айтыс өнерінде Теміртау қаласындағы №15 гимназияның оқушысы Бекболат Еркеғалидың тасы өрге домалады. Музыкалық аспапта ойнаушылар арасындағы бәсекеде жәйремдік Ғасырбек Хайратұлының алдына ешкім де түсе алмады.
Жеңімпаздар 10-12 сәуірде осы байқаудың Тараз қаласында өтетін республикалық деңгей­дегі кезеңінде Қарағанды об­лысының намысын қорғайтын болады.      

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 172
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px