Діни сауаттылық – шамшырақ - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Діни сауаттылық – шамшырақ
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»
Бүгінде дәстүрлі ислам дінін түрлі тарауға бөліп, өзінің жат пиғылына пайдалануға тырысып жүрген ағымдар жетіп артылады. Қаракөз қандастарымызды қатарына тартып,  зорлық-зомбылыққа тәрбиелеуге күш қоюда. Осы мақсатта Қарқаралы қаласындағы М.Әдекенов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы мамандарының қатысуымен жат пиғылды ағымдардың алдын алу, әрі халықты сақтандыруға бағытталған семинар өткізілді.
Аталмыш шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Халел ашып, діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу, еліміздің тыныштығын сақтау басты мақсат екендігін баса айтты. Сонымен қатар, аталмыш жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жүкібаев, облыстық ақпараттық топ мүшесі, рухани адамгершілікті тәрбиелеу кеңесі төрағасының орынбасары, ҚарМТУ-дің философия кафедрасының аға оқытушысы Жарқын Түсіпбеков, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Мұхит Жарымбетов, Қарағанды облысының ақпараттық насихат және оңалту бөлімінің басшысы Руслан Саматаев арнайы қатысты.  
Өскелең ұрпақ – колледж студенттеріне асыл дініміздің қадір-қасиеті, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын түсіндіру, Қазақстандағы ислам дінінің тарихы, ислам және дәстүр жөнінде, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар өткізудің әдістемелік формалары тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбітті. Орталық мешіттің ұстазы М.Жарымбетов өзінің дін туралы пайымын тыңдаушы жастар аудиториясы ауқымында түсінікті де қарапайым тілмен жіті түрде жеткізе білді. «Қазақтың ханы Абылай «білекке сенер заманда жауымызды басымыздан асырмаған елміз, білімге сенер заманда не болар екен» деп, кейінгі ұрпаққа алаңдаушылық білдірген екен. Ол сіздер мен біздер. Біздер, бүгінгі жастар, осы білімге қалай қарап жүрміз. Білімді қалайша пайдаланып жүрміз. Неліктен біздің жастарымыздың ортасында кейбір жастарымыз жалған ағымдарға кіреді. Мұның бәріне бірден-бір себеп білім мәселесі. Яғни, діни сауатсыздықтың салдары. Мәселен, бүгінгі таңда уахабизм бағытында жүргендер «Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары келген ислам діні – дұрыс. Ал, оған дейінгі ислам дінін ұстанып келген біздің ата-бабаларымыз адасқандардың қатарынан», – дейді. Әрине, олай емес екенін бәріміз білеміз», – дей келе, қазақ ғұламаларының дін төңірегінде айтқан ой-пікірлерін ортаға салып, нақты мысалдарымен түсіндіріп өтті. Келелі жиын барысында колледж студенттерінің қойған сұрақтарына Руслан Саматаев тыңғылықты жауап беріп, жат ағымдардың аранынан сақтанудың қаншалықты маңызды екендігін баса айтты.
Қоғамда үлкен маңызға ие болып, алаңдаушылық туғызып отырған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларына алғышарт болатын осындай семинарлар отандастарымыздың көкірек көзін ашатынына кәміл сенемін. Дін төңірегінде түйткілді мәселелердің басын ашып, нақтылай отырып, діни сауаттылықтың артуына өзінің оң ықпалын тигізбек.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 292
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px