«Екі жұлдыз» - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

«Екі жұлдыз»
Қарағанды қаласындағы жалпы білім беретін №10 орта мектепте «Екі Жұлдыз» атты өнер байқауы болып өтті.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген тамаша сөз бар.  Өнер көрсетуге шыққан әр баланың қасында ата-анасы болмаса ұстазы бірге қосылып, баланы демеп, жіберіп отырды. Қазақ және орыс тілінде орындалған әндер көрермендердің көңілін көтерді.Тіпті, ағылшын тіліндегі әнді нақышына келтіріп орындаған дарынды оқушылар бар екенін байқадық. Ана, табиғат, жыл мезгілі жөніндегі балаларға арналған әндерді кішкентай көрермендер сүйсіне тыңдап, қол шапалақтап, қошеметтеп отырды. Сары балапанға ұқсаған қыз балалар мың бұралып би биледі.
Бас жүлдені Мөлдір Жақанқызы мен Әлия Құрмашқызы, І орынды Алуа Сырлыбай мен Дильназ Сырлыбай, ІІ орынды Анастасия Прокопова мен Елизавета Горяева, ІІІ орынды  Мейір Мұхаметжан мен Саяна Мальцева иеленді.

Ырзагүл АҚЖІГІТ.

Қарағанды қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 140
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px