Ел келешегі – мемлекеттік тілде - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Ел келешегі – мемлекеттік тілде
Мемлекеттік тілді дамыту – күн тәртібінен түспейтін тақырыптардың біріне айналуда. Тіл – ұлттың баға жетпес рухани қазынасы. Біздің қоғамға ана тілін ардақтай білетін  жас жеткіншектер керек.
Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел келешегі. Бүгінгі күнде қоғамның әрбір мүшесі қазақ тілін құрметтеуден алшақтамай, мемлекеттік тілдің қадірін арттыра түсуді міндет етіп алса, жас жеткіншектердің қазақ тілінің құдіретін тереңірек ұғынуына жол ашыла түсер еді.
Қара тасты қақ жарып, тіл құдіретінің жілігін шағып, майын ішкен, бүгінгі ұрпаққа мол мұра қалдырған Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды би-шешендеріміздің, Абай, Жамбыл, Мұқағали, Мұхтар, Ілияс сынды ақын-жазушыларымыздың ұтымды сөздері, мәдени мирастары  ұлттық рухымызды асқақтатып, мерейімізді үстем етуде.
Біз туған тілімізді жете білу арқылы  өнер-білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жете аламыз. Тіл – адамның барлық саналы өмірінің құралы. Адам өнерді, білімді, мәдениетті тіл арқылы үйренеді. Қазақ тілі – сөздік қоры аса бай, орамды тіл. Қисынын келтіріп пайдалансаң, сөз арқылы сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады. Тіл, оның ішінде қазақ тілі де халықтың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан, оның мәдениетін жоғарғы сатыға көтеру – әрқайсымыздың борышымыз. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Арна АШЫҚБАЕВА,
Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 242
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px