Ел мұрасы – әлемдік деңгейде - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ел мұрасы – әлемдік деңгейде
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстанның тарихи 16 ескерткіші қосылады. Сырдария бөлігіндегі 16 нысан бойынша Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан ғалымдарымен бірлескен құжаттама дайындалуда.
ҚР Президенті жанындағы Ор­талық коммуникациялар қызметінде өткен жиынға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, бұған дейін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстанның 10 тарихи ескерткіші және адамзаттық материалдық емес мұралар тізіміне 3 рухани мұра енді. Олар – 2003 жылы енгізілген  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және 2004 жылы енген Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтері ескерткіші сынды мұралар.
Оның сөзіне сүйенсек, жалпы еліміз бойынша халықаралық деңгейдегі 10 ескерткіш, республикалық деңгейдегі 219 және жергілікті деңгейдегі 11 266 ескерткіш бар.
– Елімізде 2014 жылдан бастап 2015 жылға дейін тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бірқатар жерлер туристер жиі келіп тұратын орынға айналды,– дейді А.Райымқұлова.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 244
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px