ЕР тағдыры – ЕЛ тағдыры - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

ЕР тағдыры – ЕЛ тағдыры
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Жақында облыс әкімі
Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ қатысуымен С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Жұлдыздар тоғысқанда» атты бесінші фильмінің тұсаукесері өтіп, түсірілім тобымен шығармашылық кездесу өтті.

Киноэпопеяның кезекті жалғасын жарыққа шығарған рессейлік режиссер Сергей Снежкин Кеңес Одағының құлауы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. 1984-1991 жылдар аралығын қамтыған бұл көркем фильм ел тарихындағы елеулі оқиғаларға зер салып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоғам өмірінің бар саласында атқарған рөлін, сондай-ақ, Мемлекет басшысының дүниежүзілік ауқымда ынтымақтастықты арттырудағы айрықша қызметін саралайды.  
 – Бұл туындының біздің қаламызда көрсетіліп жатқаны тегін емес. Елбасымыз еңбек жолын осы облыста бастады. Өңіріміздегі кеншілер көтерілісі сынды тарихи оқиғаның бел ортасында жүріп, сарабдал саясатының арқасында ел ықыласына бөленді. Фильмде сол оқиға көрсетілген. Мен барша түсірілім тобына алғысымды айтып, бұл киноэпопея әрі қарай жалғасын табады деп сенемін, – деді аймақ басшысы.
Алдабек Шалбаев, Алтынай Нөгербек, «Қазақфильм» киностудиясының өкілі Бекболат Шекенов сынды келген қонақтарға естелік сый-сияпаттарын тапсырып, гүл шоқтарын ұсынды.
Айта кетейік, бұл кинотуындының табысты болуының басты себебі – Елбасы Н.Назар­баевтың шынайы өмірбаянының негізінде түсірілуі. Сондықтан, ол әрқашан өміршең және өзекті болып қалады. Себебі, бұл фильмде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмір баспалдақтарында алдына қойған мақсаттарына жете білген және шын мәнінде Еңбек Адамы болып табылатын азаматтың қызмет жолы көрсетілген. Сергей Снежкиннің шеберлігі арқасында біз еліміздің үлкен тарихи бетбұрыстар мен өзгерістер кезеңінің үш сағаттық туындыға сыйғанын көрдік.
Қазақстан және Ресей аумағында төрт ай бойы жүргізілген фильмнің түсіріліміне осы екі елдің ең мықты кинематографистерінің шығармашылық тобы шақырылыпты. Қоюшы операторы – Сергей Мачильский. Композиторы – Ресей кинематография өнері және ғылымы Ұлттық академиясы тағайындаған «Алтын қыран» сыйлығының үш мәрте иегері Юрий Потеенко. Ал, басты рөлді қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов сомдаса, өзге рөлдерді Алтынай Нөгербек, Алдабек Шалбаев, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанел Мақажанова, Динара Бақтыбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова сынды азаматтар барынша шынайы алып шыққан. Тіпті, Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, Алексей Гуськов, Хью Фрейзер, Ричард Кордери, Стивен Пейси сияқты ресейлік және шетелдік актерлер де тыс қалмаған.
«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі биылғы жылдың 28 сәуірінен бастап жалпыұлттық прокатқа шығып, еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 141
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px