Ербота ерледі - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Ербота  ерледі
Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»
Қасиетті Арқаға қастерлі Қызылордадан сүйіншілі хабар жетті. Елінің еңсесін әнмен көтеріп, Алаштың маңдайын әуенмен сипаған сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес ДҮЙСЕКЕЕВТІҢ 70 жылдық мерейтойына арналған «Туған жер» атты V республикалық әншілер байқауына қатысқан жаңаарқалық әнші жерлесіміз Ербота ҰЗАҚБАЕВ жүлделі ІІІ орынды қанжығалап қайтты.   
Арқа жері әннен кенде қалған ба? Ұлы Даланың өнерпаздары Қызылорда төріне жиылып, екі күн даусын созып, аспан астын әнге бөлеген екен. Атақты Кеңес Дүйсекеевтің құрметіне. Алдыңғы топтың шаңына ілесе алмай қайтқан өнерпаз қаншама?! Бұған дейін І республикалық «Атамекен» патриоттық әндер байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, былтыр «Қазақстан дауысы» жобасында ширек финалға жетіп, дау­сы «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы тыңдармандар жүрегіне жетіп үлгерген жас әнші Ербота Ұзақбаев жерлестерін жерге қаратқан жоқ. Алдыңғы үштіктен көрініп, жүлделі оралды. Аталған байқауда Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел!» әнін шырқапты. Әншілер бәйгесіне мерейтой иесінің өзімен бірге Ақжол Мейірбеков, Жеңіс Сейдолла, Жеңіс Ысқақова сияқты өнер тарландары төрелік еткен.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 149
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px