Естен кетпес әуендер - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Естен кетпес әуендер
Қазіргі уақытта тәрбиенің ат­қаратын рөлі өте жоғары болып отыр. Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы жан-жақты, халқының салт-дәстүрін сыйлайтын, қайырымды да мейірімді, адамгершілігі мол, ел-жұртпен сыйластықта, береке–бірлікте, татулықта өмір сүре білетін жаңа заман адамдарын тәрбиелеу қажеттілігі туып отыр. Тәрбиемен айналысатын құрылымдар: отбасы, балабақша, мектеп, орта арнаулы білім беретін, жоғары білім беретін оқу орындары және сонымен қатар, қоғамдық мәдени орын-кітапханалар болып табылады. Соның бірі де бірегейі ретінде қырық жылдық тарихы бар Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасын атап айтсақ болады. Кітапхана 1976 жылы жасөспірімдерді адамгершілікке баулу және рухани тәрбиелеу мақ­сатында Қарағанды қалалық атқару комитетінің шешімімен ашылды. Кітапхана құрылған кезде облыс кітапханаларында жасөспірімдерге арналған абонементтер ашыла бастады, жастарды тәрбиелеу бойынша кітапхана қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйым­дастырылып, жасөспірімдерге қызмет көрсетудің жаңа түрлері енгізілді.
Кітапханамызда әр түрлі кітап қорларымен қатар қазіргі уақытта көненің көзіне айналып бара жатқан күйтабақтардың бай қоры да сақталған. Кітапхана қорында 3000-нан астам күйтабақ түрлері бар. Оның әрқайсысы әр түрлі жанрда әуен ойнайды. Жаныңызға жақын қандай композиторлардың музыкасын тыңдағыңыз келсе, өзіңізге жақын композиция  іздесеңіз бәрін де біздің кітапханамыздың қорынан табуға болады. Кітапханамыздың қызмет көрсету бөлімінің мерзімді басылымдар мен мультимедия залында осы күйтабақтарды қазіргі жас ұрпаққа насихаттау мақсатында шет ел композиторлары мен советтік композиторларының шығармаларына арналған ай сайын «Жанға дауа әуендер» атты  музыкалық сағаттар өткізіледі. Жас ұрпақтарға және оқырмандарға  әлем композиторлары туралы әдебиеттер мен шығармаларына арналған пластинкалардан көрмелер ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлем­нің кәсіби музыкаларын құрмет­теуге, қадірлеуге тәрбиелейді. Айта кетер болсақ адамгершілік, жоғары этикалық мұраттарды, адамдар теңдігі мен қоғамға қызмет ету мақсатын дәріптейтін музыка жанырының, австро-герман симфониялық үрдістің негізін қалаған веналық классикалық мектептің басты өкілдері Гайдн, Моцарт, Бетховеннің кәсіби музыкаларының алатын орындары ерекше.Қордағы сақталған пластинкалар музыкалық маман иелері мен музыкалық оқу орындарының студенттерінің сұраныстарына ие. Осы күйтабақтарды насихаттау мақсатында пластинкаларға деген қызығушылығы бар тыңдармандар көбейіп келеді. Әсіресе, жастар арасында пластинкаға деген  қызығушылықтар басым.
Біздің музыкалық сағаттың негізгі қатысушылары әр түрлі жастағы тыңдармандар. Әр тыңдарманның сұранысы әр түрлі. Жастар рок, джаз музыкасын тыңдаса, тәжірибелі музыка мамандары классикалық шығар­маларды мультимедия залында арнайы пластинкаларға қойылған бұрыш­тамадағы күйтабақтардан тыңдайды. Тіпті, кейбіреулері әсем әуен тыңдау барысында өздерінің жастық шақтарын еске алып отырады. Соған қарағанда күйтабақтар әлі күнге шынайылығын, маңыздылығын жоймаған сынды.
Музыкалық эстетикалық еңбек­тердің айналадағы өмірмен, заман ағысымен өзгеріп отыруы – заңдылық. Жаңа ғасырда өмір сүретін, жан-жақты білімді “сегіз-қырлы, бір сырлы” қоғам дамуына өз үлесін қосатын тұлғаны тәрбиелеу баршамыздың мақсатымыз. Олай болса, қолымыздағы барды қадірлей білейік.
Б.Зарықхан,   
Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар
мен мультимедия залының қызметкері.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 264
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px