Қиялыңды қанаттандырады - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Қиялыңды  қанаттандырады
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,                                                                         
«Орталық Қазақстан»
                                                           

Бабамыздың көзіндей болған наурыз ұлағатын саф алтындай сақтап, алыс болашаққа ұсыну, болмысын бұзбай мөлдір күйінде насихаттау – парасаттылықтың белгісі. Ұлт болып өркениет негізінде дамудың бірден-бір жолы осы болса керек. Өйткені, әр ұлт өзінің дәстүр-салтымен ғана құндылығын асқақтата алады.
Халық артисі М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайындағы «Сырлас» кітапханасының ұжымы «Хош келдің, әз Наурыз» атты әсем безендірілген тартымды кітап көрмесін қала тұрғындарының назарына ұсынды. Кітапхана қорындағы Ұлыстың Ұлы күніне арналған барлық деректер, мазмұнды материалдар топтамасы жинақталып қойылды.
– Наурыз нақыштары біздің ұлттық бренд десек те болады. Ұлттық дәстүр, бас киім, сырт киім, кимешек үлгілері, сондай-ақ, сәнді заманауи ұлттық киімдер көрмесі әркімді қызықтыруы тиіс. Біз мұнда Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері, ас мәзірлері, Наурыз көжені қалай әзірлейтіндігі жөнінде де мағлұматтарды дәріптейміз. Туыстық, достық, бірлікті уағыздайтын ізгі бата-тілектер көрнекілігімен жазылып, ілінген. Ат әбзелдері, құсбегілік, аңшылыққа киетін киім үлгілері, батырлардың сауыттары, аяқ киімдері осы көрмеден өз орнын алған, – деді «Сырлас» кітапханасының жетекшісі Роза Ысқақова.
Наурыз шат-шадыман тойдың, мерекенің қуанышты сәттері ғой. Көрмеде тойшыл қауымға ар­налған әндер жүйесі, сценарийлер де баршылық екен. Кітаптардан дайындаған киіз үй макеті де орналастырылған. Киіз үй сыртына келіп тұрған құтты қонақты да байқай аласыз. Киіз үйдің төрінде домбыра ілулі тұр.
Жастар әз Наурыз – көктем мерекесіне дайындық үстінде. Үл­кендер болса дәм қайырып, бата-тілектерін айтуда. Соның ішінде, тойға әзірленіп, мәре-сәре күй кешкен бойжеткендердің бейнесі де тартымды-ақ.
Көрме өте жинақы жасалған. Қиялыңды қанаттандырады, әз Нау­рызбен қауышуға асықтырады.

БАЛҚАШ қаласы.      

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 258
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px