Ізгілікке үндеді - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ізгілікке үндеді
Аяулым СОВЕТ,
 «Орталық Қазақстан»  


Алғыс айту күні аясында Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті. Жалпыұлттық акция – өскелең ұрпақ арасындағы отбасылық дәстүрді сақтау, ізгілік қарым-қатынасын дәріптеу мақсатын көздеді.

Шара барысында «Таңшолпан», «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ, облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қонақтар қатарынан көрінді. Қайырымдылық акциясы балаларға арналған кітап көрмесінің ашылуымен бас­талды. Кітапхана жанынан ашылған «Бота»  интеллектуалдық орталығы жастарының қатысуымен өткен «Мен өзіме сенемін» атты психологиялық тренингке қатысқан оқушылар  үлкенді сыйлау, ынтымақтастық түсініктерінің мәнін ашты. Сондай-ақ, қонақтар арасында өткен тренинг сайыс  кештің көңілді өтуіне ықпал етті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 268
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px