Үйірмеде – үлгілі жастар - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Үйірмеде – үлгілі жастар
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Жуырда «Теміржолшылар» мәдениет үйінде Балалар мен жеткіншектер сарайының Сұрыптау стансасы бөлімшесіндегі шығармашылық ұжымдардың «Жұлдыз ұшқындары» атты есеп беру концерті өтті. Шырайлы шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Бұл бөлімше өз қызметін осыдан үш жыл бұрын бастаған екен. Бүгінгі таңда мұнда 13 үйірме мен бірлестіктер жұмыс жасап келеді. Бас-аяғы 400-ден аса балалар мен жасөспірімдер бар. Бүгінгі ұрпаққа білім мен ілім нұрын сепкен бөлімшенің есеп беру концертіне біз де куә болып қайттық.
 – Бұл концерт, ең алдымен, балалардың өнерін бағалауға бағытталған. Шәкірттеріміз жыл көлемінде жинақтаған шеберліктерін көрсетіп, өз-өздеріне есеп береді. Үлкен сахнаға шыққан әр бүлдіршіннің жүзіндегі жалынды қараңыз. Шын қуанып, шын сүйсінеді. Жақсы қырымнан танылсам дейді. Өзіндік ұстанымдары мен мінездері қалыптасады. Көпшілікпен қарым-қатынас орната білуді, жасқанбауды үйренеді. Жасынан жасқанбаған бала келешекте де қай салада қызмет етпесін, алғырттығымен, адамгершілігімен алдына даңғыл жол салады, – дейді Балалар мен жеткіншектер сарайы директорының орынбасары Наталья Королева.
Мерекелік бағдарлама барынша ықтиярлықпен әзірленіпті. Өнерлі өрендер көптен ұялып, тартынып жатқан жоқ. Сахна мәдениеті мен әдебін әбден меңгергендері көрініп-ақ тұр. Барлық үйірмелердің  шәкірттері бір кісідей ат салысып, Денис Береговой жетекшілік ететін «Куба» брейк-данс үйірмесі, Медет Мауияновтың жетекшілігіндегі «Назқоңыр» және Нина Гостищеваның қарамағындағы «Созвездие» вокалдық-эстрадалық үйірмелері, Бағжан Бейсекованың «Балдәурен» домбыра үйірмесі талайды таңқалдырды.
Сонымен бірге, мәдениет үйінің фойесінде Эльмира Ахметованың «Асыл мұра» және Елена Графтың «Веселый карандаш» үйірмелеріндегі жас дарындардың шығармашылық жұмыстарынан құралған сурет көрмесі, жыл көлемінде өткізілген шаралардың фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.
Шара барысында ең белсенді үйірме мүшелері грамоталармен, ал, ата-аналары Алғыс хаттармен марапаттталды. Жыл қорытындысы бойынша «Үздік үйірме мүшесі» болып Павел Медведев пен Алина Джанзакова танылса, «Бөлімшенің үздік педагогы» атағы Елена Графқа бұйырды.
Жоғарыда аты аталған үйірмелерден бөлек, Орақ Айғожин жетекшілік ететін «Тоғызқұмалақ» үйірмесі, Әлия Әбікееваның жетекшілігіндегі қазақ тілі мен Валерия Внучкованың жетекшілігіндегі «TIME» ағылшын тілі үйірмелері, Владимир Цойдың «Дебют» атты шахмат клубы, Юлия Сорокинаның «Жас конферансье» клубы, сонымен бірге, Виктория Алимованың Отбасылық оқу-білім кешені жұмыс жасайды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 221
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px