Көктемнің көңілді мерекесі - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Көктемнің көңілді мерекесі
Қазақ халқы бағзыдан наурыз айындағы мерекелерді сағына күтіп, өзінің асқақ армандары мен үміттерін сонымен ұштастырып отырған. Сан ғасырдан бері қазақпен бірге жасасып келе жатқан мейрамды №33 мектеп-балабақша кешенінде ерекше қарсы алу дәстүрге айналған.

Ұлыстың ұлы күніне арналған салтанатты кеш – жаңару, жасару және жақсылық мерекесімен құттықтаған мектеп басшысы Қолаңшаш Сейтімбетованың сөзімен ашылып, «Құтты болсын, Наурыз!» атты мерекелік бағдарламадан бастау алды.
Мерекеге арналған қабырға газеттерінде Наурыз тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді оқылды. Сахнада Наурыз мерекесіне арналып өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ халқының ұлттық тағамдары мен ұлттық ойындары жайында әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Мектебіміздегі 3- қазақ сыныбының оқушылары даярлаған мерекелік қойылым тамашаланып, дәстүр бойынша жыл бойына тоқшылық болсын деген ниетпен наурызкөже ұсынылып, шашу шашылды.
Жүрек жылуын таратқан көктемнің бақыт сыйы – «Наурыз» көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын достық мерекесі. Мектебімізде осындай мейрамдарға арналған кештер жалғаса береді.

Күмісай БҮРКІТБАЕВА,
    №33 мектеп-балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 162
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px