Көнекөздерге – көрермен ықыласы - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Көнекөздерге – көрермен ықыласы
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Ақ әжелер» ансамблі өзінің  5 жылдық есеп беру кешін өткізді.    

«О, Нұра, Атамекен – Асқаралым» атты сазды кешке ансамбль жетекшісі, сазгер, әнші Амангелді Шахарбаевтың шәкірттері – «Ізбасар» тобы мен «Балдәурен» би ансамблі қатысты. Изенділік әншілер Мөлдір Кәріпбаева, Еркебұлан Сәрсенбаев және Пржевальское ауылынан келген Қуанбек Базарбек, Ақмола облысы Аршалы ауданынан келген «Сұңқар» тобы да өнерлерін тарту етті.
Концерттік бағдарлама бір демде өтті. Әжелер аккардионының сүйемелдеуімен шырқалған әндерге ерекше қошемет көрсетілді. Іс-шара соңы Қ.Отарбаевтың сөзіне жазылған, А.Шахарбаевтың «Алға, Қазақстан!» әнімен түйінделді.
Аудан әкімі Қ.Бексұлтанов, «Отқанжар» ЖШС директоры Қ.Отарбаев кеш соңында ақ жаулықты әжелерді құттықтап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, Г.Гафятулина да әжелерге сый-сияпат көрсетті.
Негізінен, «Ақ әжелер» ансамблі осыдан 25 жыл бұрын құрылған. Өткен ғасырдың соңын ала келген дағдарыс тұсында ансамбль бір себептермен тарап кеткен. Сол алғашқы құрамнан қазіргі топта Бақыт Кайбулдинова апамыз жүр. Сонымен қатар, сексеннің сеңгіріне шыққан Сара Гизатулина және әжейдің өкшесін басып келе жатқан Бикеш Тілемісова, Амантай Сатемирова, Ғайша Ахметова, Ермек Кенжетаева, Әсия Смағұлова, Қарлығаш Сәрсенова, Салтанат Үсембекова, Күлбағираш Сұлтанбекова әжелеріміз – сахнаның сәнін, үйде шаңырақтың әрін кіргізіп жүрген жандар.
Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.
НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 268
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px