Кененің қылышы – көненің ұлысы - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Кененің қылышы – көненің ұлысы
Мирас АСАН,
«Орталық Қазақстан»

Кешелі бері аймағымызда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері өтіп жатқанын білесіздер.
Қазақ руханияты үшін ізгі қадам.
Бізді толғантқан екі жайдың біреуі – «Оңтүстік Қазақстан шежіресі» деп аталатын көшпелі көрмемен Арқаға келген  Хан Кененің алдаспан қылышы болды.  Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми аға  қызметкері Лариса Морозованың айтуынша, ол қылышты 1931 жылы аталмыш мұражайға ханның немересі Әзімхан сұлтан өткізген екен.  
Қанға суарылған рух селебесінің жүзінде тат емес: «Жерімді жауға, елімді дауға салма!» деген дат тұр.
Екінші мәселе, Алаштың соңғы ханы – Кенесарының суреті хақында. Бұл суретті газет бетіне тұңғыш жариялаған – біздің редакция. Партия дүрілдеп, Кеңестің кездігінен қан тамып тұрған шақта Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын тұңғыш жариялағаны сияқты Нұрмахан Оразбековтің бұл ерлігін де ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қазақстан Республикасының халық суретшісі Ә.Исмаиловтың туындысы мен мұражайдағы қылышты қатар қарап отырғанда туған ой легі осындай...

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 160
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px