Кітапқа толы «Көк сандық» - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Кітапқа толы «Көк сандық»
Германия елінен бастау алған «Көк сандық» халықаралық жобасы Ресейді саяхаттап, Қазақстанға да жетті. Аталған жобаны «Бірге оқимыз барлық жерде бәріміз!» ұранымен Жаңаарқа ауданындағы С.Сейфуллин ауылдық округінің кітапханасында 1, 4, 7 сынып оқушылары қарсы алды.
Әуелі оқушыларға «Көк сандықтың» қызықты тарихы баяндалды. Көк сандықтағы кітап саны – 37. Оқырмандар мұндағы «Жемістер», «В гостях у солнышка», «Кошкин дом», «Уақыт кеңістігіне саяхат», «Әдептілік – әдемілік», Ж.Верннің «Он бес жасар капитан», Ш.Перро мен ағайынды Гриммдердің «Ертегілер» атты кітаптарымен танысты. Сондай-ақ, кітапханашы М.Ысқақова «Кітап – ғажап досымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Балалар бөбектерге арналған қызықты «Бауырсақ» атты ертегіні дауыстап оқып, пікір алмасты. Жас оқырмандар кітапханашылармен бірге «Мықты болсаң, тауып көр» викториналық сұрақ-жауап, «Көксандық», «Саяхат» атты сөзжұмбақтарды шешті.
К.ҚҰМАРХАНОВА.
ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 232
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px