Кітапханаға қашан бардыңыз? - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Кітапханаға қашан бардыңыз?
Қазіргі таңда кітап және кітапхана мәселесі – өзекті. Бұл жайлы кітапханашылар қынжыла айтады. Кейінгі уақытта белең алған мұндай жағдай қоғамды компьютерлендірудің салдарынан дейді олар.
–  Оқырманның кітапқа деген қызығушылығы азайып бара жатқанын алдыңғы жылдармен салыстырсақ, анық көреміз. Оның бірден-бір себебі,  әлеуметтік желілердің қоғамдағы айрықша орны және электронды кітаптардың пайда болуы. Кітапханамызға келушілердің басым көпшілігі – зейнеткерлер мен студенттер. Оның өзінде, студенттер белгілі бір тапсырмамен ғана келеді,– дейді Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Гүлім Асаутай.
Оқырман тарту үшін түрлі шаралар, флешмобтар өткізіліп тұрады. Кітапханада онлайн конференциялар өткізу тұрақты жолға қойылған. Аталмыш мәдениет ошағының 40 жылдығына орайластырылған концерттік бағдарлама арқасында оқырман қатары сәл де болса артқанын айтады кітапханашы Бақытгүл Қарыхан.
– Күніне 40-тан астам адамға қызмет көрсетеміз. Оқырмандарымыз үшін барлық жағдай жасалған. Керектерін оңай тауып алады. Тек, осы мүмкіндікті тиімді пайдаланса деп тілейміз,– деді ол.  
Ал, алған кітаптарына жауапкер­шілікпен қарау – өз алдына бір мәселе. Абонемент арқылы кітап алып, оны мерзімінде қайтармайтын жағдайлар көп кездесетін көрінеді.
Кітап – кітапхананың емес, халықтың қазынасы, баршаға ортақ асыл дүние екенін ұмытпайық. Кітап оқу мәдениетін арттыруға атсалысайық.   
Нүрила ДАНИЯРҚЫЗЫ,
ҚарМУ-дың І курс студенті.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 207
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px