Кітапханадағы келісті мереке - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Кітапханадағы келісті мереке     
Наурыз мерекесіне орай, Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан М.Әуезов атындағы қалалық кітапхананың №14 филиалында зейнеткер, ардагерлермен кездесу кеші өтті.
Кітапхананың іші әрқашан даталы, мерекелі күндерге байланысты үгіт-насихатымен әсер алатындай безендіріліп, көз тартып түрлендіріліп тұрады. Мәдени ошақтың қызметкер-меңгерушісі Зәуре Қалиева: «Қазіргі күні мұнда 20 мыңға тарта кітап қоры бар, 1500-ге тарта оқырман келеді. Олар жас ерекшеліктеріне байланысты республикалық, облыстық газет-журналдарды алып оқи алады» дейді.  
Іскер-тәжірибелі кітап­хана­шылар Қарлығаш Қаппасова, Татьяна  Камышникова кітап берумен шектеліп қоймай, түрлі тақырыпта тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Сондай шаралардың бірі – «Көктем мен жаңару мерекесі» атты кеш әсерлі әрі мазмұнды өтті. Оған соғыс және еңбек, тыл және тың ардагерлері арнайы шақырылды. Соңғы уақытта осы мерекеге орай, қазақтың ұлттық киімдерін киюшілер қатары өсіп келе жатқаны қуантады.
Кітапханада ардагерлер де домбырамен өлең айтып, күй тартып, ән шашу жасады. Би билеп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті, Халық­аралық жарыс жүлдегері, домбырашы Жәнібек Қазыбекұлы Құрманғазының, Динаның күй­лерін орындады. Тәттімбет, Нұрғисаның шертпе күйлерін де ұмытпай, нағыз сазгер-композиторлардай  көпшіліктің көңілін көтеріп, шеберлік танытты.
Қарияларға арналған дас­тарқан жайылды. Кітапхана қызметкерлері наурызкөже таратып, сый-сияпаттарын жасады.
Осы күні құрметті кенші Нұрғазы Бековтің 70 жасқа толғаны, Қазақстан темір жолында 40 жыл еңбек еткен зайыбы Сағат Бековамен отасқандарының 50 жылдық мерейтойы да ескерусіз қалмады. №1 қалалық мешіттің молласы (бұрынғы кенші) Аманкелді Қонақбаев ақ батасын берді.
Сөйтіп, мерейлі отбасылар үлкен қуанышқа бөленді.

Еркін КӨПІШЕВ,
зейнеткер-тілші.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы..

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 162
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px