Кітапханадағы түн - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Кітапханадағы түн
Жуырда Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының “Кітапхана түні” акциясы өтті. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Оны тамашалау үшін 500-ден астам қала тұрғыны жиналды.
Кітапхана түні бұған дейін де облысымыздың бірқатар  қалалары мен аудан орталықтарында өтті.
Іс-шара шымылдығы Қасым Аманжоловтың “Қарағанды” өлеңі мен Академиялық музыкалық комедия театры артистерінің орындауындағы “Қарағанды вальсімен” ашылды.
Кітапхана директоры Д.Аманжолова салтанатты жиынның алғашқы сөзін сөйлеп, биылғы жылғы іс-шараның ең басты ерекшелігі – кітапхана ұжымы акциямызды демеушілер көмегімен ұйымдастырғанын ерекше атап өтіп, кітапхана атынан демеушілерге өз алғысын білдірді.
Ашылу салтанаты барысында Француз Альянсы ұсынған Н.Гогольдің шығармасының желісі бойынша қойылған театрландырылған қойылым жиналған қауымның көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Биылғы жылы шығармашылық алаңдар әр түрлі бағыттарды қамтыды. Білімпаз, тапқыр және ойшыл оқырмандарға арналған “Менің Қазақстаным!” интеллектуалдық ойыны мен “Ұлттық қазына” квесті еліміздің тарихынан сыр шертсе, өнерлі және шығармашыл жастар бас қосқан “Тәуелсіздіктің төл перзенттері” жас ақындар мүшайрасы мен “Дулат Бабатайұлының мұрасы” атты аудармалар байқауы оқырмандар арасында үлкен қызығушылыққа ие болды.
Кітапхана фойесінде орын алған “Достық ағашы” кітапхана түніне жиналған әрбір қатысушының таңбасы іспеттес болды.
Жастарды ғана емес, осы түні жиылған барша қауымды “Нумерология-сандар магиясы” атты алаң ерекше қызықтырғаны сөзсіз.
Кітапхана түні барысында “Мені өзіңмен ала кет” кітап шопингі, “Кітапханаға жазыл да досыңды жаз” акциясы және “Оқуды ұсынамыз!” әдеби кафе-бары жұмыс істеді.
Жұлдыз ШЕРКЕНОВА,
ҚарМУ-дің І курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 284
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px