Кітапта – алғыс сезімі - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Кітапта – алғыс сезімі
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
 1 наурыз – Алғыс айту күні Қарағанды облысының танымал спортшылары тың бастама – Алғыс кітабына алғашқы жазбаларды түсіріп, қолтаңбаларын қалдырды.

Елдің еңсе тіктеуіне сіңірген еңбегі ерекше тұлға, сонымен қатар, денешынықтыру мен спорттың дамуына айрықша көңіл бөлетін Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына алғыс сезімін білдірушілердің қатарында ҚазКСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқы аспандаған Абай бокс мектебінің негізін қалаушы Андрей Райш, 1970 жылғы Әлем чемпионатының жүлдегері, Мюнхендегі ХХ Олимпиада ойындарына қатысқан велоспортшы Анатолий Степаненко, Афины Олимпиадасының қола жүлдегерлері Серік Елеуов пен Дмитрий Карпов және қарағандылық жас боксшы, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы Абылайхан Жүсіпов болды.
Енді, әр парағында риза пейіл өрнектеліп, ыстық ықылас таңбаланатын естелік кітапқа қолтаңба қалдыру рәсімін қарағандылық басқа да даңғайыр спортшылар жалғастырмақшы.
Алғыс айту күні бастау алған ізгі ниетті эстафета  биылғы жылдың 16 желтоқсаны, яғни, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өз мәресіне жетеді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 224
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px