Мәңгілік рухқа – мың тағзым - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Мәңгілік рухқа – мың тағзым
Ұлы Жеңіс күнін жақындату жолында қан майданда жанқиярлықпен ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін ұрпағына сыйға тартқан нұралық батырлардың бюс­ті ашылып, «Даңқ» монументі орнатылған алаңға аудан тұрғындары таңнан жиналды.
Төрт жылға созылған қанды қырғынға, тек, Нұра ауданынан үш мыңнан астам жауынгер  соғыс даласына аттанған. Содан 1111 жауынгер туған елге қайтып оралмаған.
Соғыстан оралған жауынгерлер қатары жылдан-жылға сиреп, Жеңістің 71 көктемін кертінділік жауынгер ақсақал Ахметбек Искаков ата ғана қарсы алды. Аудан әкімі Ниқанбай Омарханов 93 жастағы ақсақалдың үйіне арнайы барып, ұлы мерекесімен құттықтады, сый-сияпат көрсетті. Қазір қазақ күресінен облыс атағын аспандатып жүрген Бекзат, Мақсат Ахметбековтер сынды немерелері тәрбиелеген ақсақалдың батасын алды.
Бүгінгі бейбіт күннің соқпағын салып кеткен жауынгерлер ұрпағы ата-әжелерінің суреттерін алаңға алып шығып, «Мәңгілік өлмес полкін» құрды. Аудан орталығының 60-қа жуық мекеме-ұйымдары Мәңгілік алау алдында Ұлы Жеңіс құрбандары мен жауынгерлеріне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды. Бір минут үнсіздік жарияланып, аспанға оқ атылды.
Бұдан соң жиналған қауым «Тәуелсіздік» саябағына бет бұрды. Аудан әкімі Ниқанбай Омарханов мерекелік құттықтауын жеткізді. Құттықтау соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздары ұйымдастырған театрландырылған концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен құрылған хордың орындауында «Жеңіс күні» әні шырқалды.
Аудандық қорғаныс бөлімі ұйымдастырған дала асханасында нұралықтар солдат ботқасының да дәмін татты. Кәсіпкерлер сауданың думанын қыздырып, дәмнің түр-түрін ұсынып, мерекенің шырайын аша түсті.
Аудан басшысы ардагерлерге арнап мерекелік дастарқан жайды.
Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.
НҰРА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 144
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px