Мұражайдағы мерекелік отырыс - Руханият - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мұражайдағы  мерекелік отырыс
Жуырда Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастармен жұмыс жөніндегі орталығы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Наурыз жыры»  атты «Kaz club» жастар клубының кезекті отырысын ұйымдастырды.


Отырыстың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты ұлттар бірлігі мен патриоттық рухта тәрбиелеу, сонымен қатар, дәстүрлі емес ерекше әдістерді қолдана отырып, мемлекеттік тілді үйренуді дәріптеу болды.
Іс-шара барысында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау жайында бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар асық ату, арқан тартыс сынды қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Сонымен қатар, жаңа сөздерді үйрену бойынша тақырыптық ойындар өткізілді. Қатысушылар тарихи-өлкетану мұражайын аралап, қызықты деректермен, экспонаттармен танысты. Соның арқасында қатысушылар қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін жақынырақ білу мүмкіндігіне ие болды. Мереке болған соң, наурызкөже мен бауырсақтан дәм татты.
Бұл іс-шараға Қарағанды қаласының орта оқу орындарының студенттерінен жалпы 35 адам қатысты. Отырысты қорытындылай келе, қатысушылар сауалнама парақтарын толтырды. Сауалнама нәтижесі бойынша «Kaz club» жастар клубы жұмысының тиімділігі жоғары бағаланды.

Өз тілшімізден.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 179
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px